Атырау, 8 желтоқсан 03:45
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Жол айрығы қайда? Береке ықшамауданындағы жоба өзекті емес деп танылды

585 рет қаралды

2019 жылы Атырауда Береке ықшамауданына көлік жол айрығын салу жобасы әзірленген болатын. Бұл жоба жолдағы кептеліс мәселесін шешеді деп күтілді. Алайда алты жыл өтсе де, жол айрығы салынған жоқ, оның орнына бағдаршамдар орнатылды. Билік өкілдері жобаның күші жойылғанын мәлімдеді.

Жоба аясында ауқымды жұмыстар: инженерлік желілер мен электр желілерін көшіру, жаңа жол торабының құрылысы жоспарланған еді. Міндетті экологиялық сараптама мен қоғамдық тыңдауларжы қамтыған құжаттаманы «ЛМ Транспроект» ЖШС әзірледі.

Бұл жол айрығы қаланың инфрақұрылымын жаңарту стратегиясының бір бөлігі ретінде қарастырылған еді. Алайда іс жүзінде жоба жүзеге аспады. «Ақ Жайық» газетінің сауалына жауап берген қала әкімдігі жол айрығының қажеттілік жойылғанын айтты. Өйткені көше жөндеу кезінде қозғалысты реттеу мәселесі бағдаршамдар арқылы шешілген.

— Бұл жоба алты жыл бұрын жасалды. Кейін көше жөндеу жұмыстары кезінде жол қиылыстарындағы қозғалысты осылай реттеуге болатыны анықталды, — деп түсіндірді әкімдік.

Шенеуніктердің айтуынша, мұндай әдіс жылдамырақ әрі арзан болғандықтан, тиімді деп танылған. Ал белгіленген мерзім ішінде жүзеге аспаған жоба автоматты түрде күшін жойған.

Дегенмен, қалада көлік саны көбейіп, жолдарға түсетін жүктеме артып келеді. Сол себепті инфрақұрылымды дамыту мәселесі әлі де өзекті. Алдағы уақытта қазіргі жағдай ескерілген жаңа жобалар қажет болуы мүмкін екенін билік жоққа шығармайды.

Айгүл Мансурова

10 маусым, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.