Атырау, 27 желтоқсан 08:32
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Тал түбіндегі мерседес

2 471 просмотра

26 тамыз күні кеште Владимирск көшесінде болған жол көлік оқиғасынан, абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ, алайда оқиға орнына көп адамдар жиналды – көліктердің бірі бордюрден қатты ұшып кетіп, жол шетіндегі жас шыбықтардың ортасына ыңғайласып тұрып қалыпты.

Көзбен көргендер «мерседес» жүргізушісі жолға жүгіріп шыққан 7-9 жасар қыздан қашамын деп қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, «Лада» автокөлігімен соқтығысқан. Соққыдан көлік 180 градусқа айналып, артымен бордюрден шығып кеткен. Қыз зардап шеккен жоқ, екі жүргізушіге де медициналық жәрдем қажет болмады.

Куәгерлердің айтуынша, «мерседес» осы жердегі бағдаршам, жүргіншілер жолы және жылдамдықты шектейтін белгілерге қарамастан, жылдамдықты көп асырған.

ЖКО себептерімен жол плициясы айналасуда, алайда «Арнайыавтобаза» бастығы Мұратбек МАХАНОВТЫҢ «мерседес» жүргізушісіне талабы бар екен. Ол оқиға болған жерден өтіп бара жатып, суретке түсіру үшін тоқтаған:

- Ол теректерді құртты ғой! Қалада желектер онсызда аз. Қазір түсіріп алып, кейіннен талап қоям – теректерімізді қалпына келтірсін!

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

28 тамыз 2013, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.