
Ресей Қорғаныс министрлігі Стамбулда қол жеткізілген келісімдер аясында 25 жасқа дейінгі алғашқы топтағы ресейлік әскери қызметшілердің елге қайтарылғанын хабарлады, деп мәлімдейді BBC News.
Аталған топтың нақты саны көрсетілмеген. Украина президенті Владимир Зеленский екінші ірі тұтқын алмасудың басталғанын растады. Оның айтуынша, бұл процесс бірнеше кезеңмен өтіп, алдағы күндері жалғасады.
«25 жасқа дейінгі ресейлік әскери қызметшілердің алғашқы тобы қайтарылды. Олардың орнына дәл сондай санаттағы Украина Қарулы күштерінің тұтқындары берілді», — делінген Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде. Ресейлік сарбаздар Беларусь жерінде орналасқан.
Қанша адам алмасқаны нақтыланбаған.
«Бүгін тұтқын алмасу басталды, ол алдағы бірнеше күнде бірнеше кезеңмен жалғасады, — деді Украина президенті Владимир Зеленский. — Қазір қайтарылып жатқан топтар арасында жараланғандар мен ауыр жараланғандар, сондай-ақ 25 жасқа дейінгілер бар. Бұл — өте күрделі процесс, көптеген сезімтал жайттар бар, келіссөздер күн сайын жүріп жатыр».
«Барша тұтқындарды қайтару үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз», — деп қосты Зеленский. Ол да алғашқы күні қанша адам алмасқаны туралы нақты мәлімет берген жоқ.
В Атырау -3