Теміржол өткелін қайта жаңғырту бойынша жұмыстар кесте бойынша, тіпті одан да тез жүріп жатыр, - дейді «Жанбастау-НС» ЖШС «Атырау – Ганюшкино учаскесінің темір жол өткелі» учаскесінің бастығы Рүстем БОРАЕВ.
Өндірістік жұмыстар жоспары (ӨЖЖ) кестесі бойынша жұмыстарды желтоқтанда аяқтау белгіленген. Жұмыстарға тапсырыс беруші – «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық тасымалдаушы мәлімдеген ресми күн – 20 қараша.
- Алайда біз қазан айының аяғына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, - дейді Бораев. – Келесі аптадан бастап жұмыстар екі ауысымда күні-түні жүргізілетін болады. Арғы күні темір жол құрамының қозғалысына 6 сағаттық «терезе» белгіленіп отыр, осы уақытта біз негізгі жолға шығамыз.
Бұл жерде негізгі жолдың ескі рельстік жолдарынан шақырымдық кесіндіні ажыратып алып, оны айналмалы тармаққа қосу туралы әңгіме болып тұр. Ескі жолмен қатарласа жатқан уақытша тағайындалған балама жол барлық тиісті сынақтардан өтті. Учаске бастығының айтуынша, сынақтар сәтті өтіп, жол теміржол ағындарын қабылдауға дайын. Содан кейін ғана ескі жол бұзылып, тікелей қайта жаңғыртуға қатысты жұмыстар жүргізіледі. Жұмыстар аяқталғаннан кейін мұнда толықтай жаңартылған темір жол өткелі ғана емес, ені үш есеге дейін артып, керемет өзгеріске ұшыраған автокөлік жолы да пайда болады.
- Жоба бойынша бағаналар арасындағы бір өткелдің (бір бағыттағы жол жабындысының) ені 5,2 метр болуы керек еді, алайда өлшенгеннен кейін ол 4,3 метрге тең екені анықталды, - деп түсіндірді Бораев. - Өткел биіктігі - 4,4 метр. Қайта жаңғыртылғаннан кейін өткел биіктігі 5,5 метрге дейін «өседі», ал екі жолақтық жабындының ені бір бағытта 12,75 метрді құрайды, келесі бағытта да осындай өлшемдер болады.
Яғни,көпірді бір метрден жоғарыкөтеріп,барлық төрт жолақтың ені 25,5 метрді құрайды. Жолдың орташа есептегенде 3,5 метр болатын жіңішке жолақтарына үйренген Атырау жағдайында жоспарланған төртеудің орнына қиналмастан алты жолақ жүргізуге болады. Жобаланып отырған көпірдің жалпы ұзындығы - 45,25 м.
Жоба жақын әзірде жабылып қалады екен деген қаңқу сөз шындыққа жанаспайды, - дейді Бораев. Мүмкін бұған күтпеген жерден орын алған қате есептеулер себепші болған болар: жобалаушылар жоба барысында учаске аумағындағы Қазақтелекомға, Қазтранскомға және АтырауСуАрнасына тиесілі коммуникацияларды есепке алмай кетіпті.
- Жобаға түзетулер енгізіліп, барлық коммуникациялар көшірілді. Басқа ешқандай проблемалар туындамады және қайта жаңғыртуды басқа мерзімге ауыстыруға немесе тоқтатуға ешқандай негіз жоқ, - дейді Бораев сеніммен.
Жоба аяқталғаннан кейінгі айналма жолдың тағдыры Астанада шешіледі – оның әрі қарай атқаратын қызметін ҚТЖ белгілейді.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті түсірген Қаната ЕЛЕУОВ