
9 маусымда Атыраудағы APEC оқу орталығында Empowerment - 2025 жобасының екінші кезеңі басталды. Бұл әлеуметтік бағдарлама әйелдерді қолдау мен кәсіби дамытуға арналған.
Жоба «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылуда. Компания әйелдерге инвестиция салуды қоғамның тұрақты дамуына қосқан үлес деп есептейді.
Empowerment - 2025 жобасының бірінші толқыны 2024 жылы Атырауда өтті және айтарлықтай нәтижелер көрсетті: ақпан айында жүргізілген сауалнама бойынша 120 қатысушының 87-сі білім өмірлерін өзгертуге, өз бизнесін бастауға немесе дамытуға көмектескенін айтты. Қатысушыларға негізгі бағдарламадан кейін де қолдау көрсетіліп, жетістіктерін нығайтуға көмектесуде.

Қатысушылар арасында — жұмыссыздар, көпбалалы аналар, ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналары, мүгедектігі бар әйелдер, жалғызбасты аналар, кәсібін жаңа бастаған әйелдер, сондай-ақ жұмыстан айырылған және өз бизнесін ашқысы келетін немесе дамытқысы келетіндер бар. Оларды ортақ мақсат біріктіреді — өз күштеріне сеніп, өмірлерін жақсартып, өз жолдарын табу.

Биыл жоба географиясын кеңейтті: Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарынан шамамен 130 әйел білім алмақ. Олардың 50-і Атыраудан, 14-і аудандардан, қалғаны - көрші өңірлерден. Бағдарлама төрт күндік қарқынды оқытудан тұрады. Ол мыналарды қамтиды:
-
Soft skills дағдылары — уақытты басқару, сыни ойлау, келіссөз жүргізу, эмоционалды интеллект және икемділік;
-
Бизнесте, мансапта және қосымша табыс табуда жасанды интеллектті қолдану;
-
Шығармашылық бағыттар — мобилография, SMM, ұлттық киім тігу;
-
Бухгалтерия негіздері мен тендерлік сауаттылық — әсіресе декреттегі аналар мен бастаушы мамандар үшін маңызды.

Empowerment - 2025 жобасы әйелдерге тек жаңа дағдыларды үйретіп қана қоймай, өздерін маңызды сезініп, жеке брендін қалыптастырып, қаржылық тәуелсіздікке сенімді түрде қадам жасауға көмектеседі.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау -2