
9 маусымнан бастап АҚШ президенті Дональд Трамптың 12 елдің азаматтарына елге кіруге тыйым салған шешімі күшіне енді, деп хабарлайды Euronews.
Тыйым салынған елдер қатарына: Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго, Экваториалды Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен кіреді. Сондай-ақ, Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне, Того, Түрікменстан және Венесуэла азаматтарына да шектеу қойылды.
Трамп бұл шешімді кей елдер паспорты мен құжаттарын дұрыс тексермейді, өз азаматтарын қабылдаудан бас тартады деп түсіндіреді.
Бұл тыйым 2017 жылы енгізілген ұқсас шарадан кейінгі ең кең әрі қатал нұсқа. Бұрын виза алғандар әлі де кіре алады, бірақ енді жаңа виза алуға шектеу қойылды.
Бұл шешім Лос-Анджелестегі депортацияға қарсы наразылық акциялары кезінде қабылданып, Трамп Ұлттық гвардияны жұмылдырды. Бірақ Калифорния губернаторы оған қарсы шықты.
Қоныс аударушыларға көмек көрсететін ұйымдар бұл тыйымды сынға алып, оның қауіпсіздік емес, адамдарды бөліп, қорқытуға бағытталғанын айтты.
В Атырау +4