Атырау, 27 қараша 09:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Сауд Арабиясы үй шаруашылығына адамды «өздерінен таппай», шетелден тартуды көздеп отыр

1 340 просмотра

АСТАНА. 28 тамыз. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы Еңбек министрлігінің мәліметіне қарағанда, ел тұрғындары үй шаруашылығын дөңгелетіп әкететін адамдарға зәру. Бұл жайында Arab News хабар таратты. Соңғы уақытта осы елдегі үй шаруашылығын жүргізетін адамдарға деген сұраныстың артуы олардың жалақысының едәуір көтерілуіне түрткі болды. 

Ел билігі бұл мәселені мемлекеттік аккредитациядан өткен, шетелден жұмысшы күшін тартумен айналысатын ондаған компанияның көмегімен шешуді құп көріп отыр. Осыған орай аталмыш компанияларға шетелден жұмысшы күшін тартуы үшін 700 мың виза ашып беруді жоспарлап отыр. Олардың көбісі үй шаруашылығын жүргізетін шетелдіктерге беріледі.

Muslim.kz сайтының жазуынша, аталмыш компаниялар айына 1500 саудиялық риалдан (400 доллар) артық ақы алмайтын кадрларды тауып беретініне уәде берді. Жұмыс берушілер де олардың шығынына бас ауыртпайтын болды. Бұған қоса, демалыс күндері жұмыс істеген үй шаруашылығындағы адамдарға төленетін ақыны да рекрутингтік компания өз мойнына алып отыр.

Дереккөз: inform.kz

28 тамыз 2013, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.