Атырау, 8 желтоқсан 03:43
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Ауыл әкімдерінің сайлауы 13 шілдеге белгіленді

554 рет қаралды

Кандидаттарды ұсыну 5 маусымда басталып, 17 маусым сағат 18:00-де аяқталады. Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 22 маусымда аяқталады. Үгіт жұмысы 22 маусымнан 12 шілдеге дейін деп белгіленгенін атап өткен жөн.  

Сайлау Атырау қаласының Еркінқала және Қайыршақты, Жылыой ауданында Қара Арна, Индер ауданында Жарсуат, Исатай ауданында Аққыстау, Құрманғазы ауданында Ақкөл, Асан, Орлы, Сафон, Теңіз, Қызылқоға ауданында Қызылқоға, Махамбет ауданында Ақжайық ауылдық округтерінде өтеді. 

Сайлау 13 шілдеге белгіленді, жоғарыда аталған ауыл әкімдерін халықтың өзі таңдауға мүмкіндігі болады. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 маусым, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.