Атырау, 27 қараша 08:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Башар Асад сириялықтардың болашағы үшін биліктен кетуі тиіс»

1 717 просмотра

Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Джей Карни АҚШ Президенті Барак Обама әзірше Сирияға қарсы әскери күш қолдануға қатысты шешім қабылдаған жоқтығын хабарлады.

Оның айтуынша, АҚШ соңғы күндері Сириядағы қиындықтарды БҰҰ-мен және де бірқатар елдермен бірлесіп талқылап келеді. Оның үстіне Карни жуық арада АҚШ Сирияда химиялық қарудың қолданылуы жайлы қосымша мәліметтерді жариялайтындығын айтты. Естеріңізде болса, АҚШ-тың қорғаныс министрі Чак Хейгел егер Барак Обама бұйрық берсе, америка әскерінің Сирияға шабуыл жасауға дайын екендігін айтқан болатын. 

Джей КАРНИ, Ақ Үйдің баспасөз хатшысы:

- Ақ Үйдің көздегені – Сирия Президенті Башар Асадты биліктен шеттету емес. Қазіргі таңда біз химиялық қарудың қолданылуына жауап қайтарудың түрлі нұсқаларын қарастырып жатырмыз. Дегенмен, мұның бәрін Сирия билігі істеп отырғанына біздің еш күмәніміз жоқ. АҚШ пен дүниежүзілік қауымдастық халықаралық ережелердің бұзылуын жазасыз қалдырмайды. Қазіргі таңда біз сириялық оппозицияға қолдау көрсетіп келеміз. Біз Асад сириялықтардың болашағы үшін биліктен кетуі тиістігіне сенімдіміз.

Дереккөз: 24.kz

28 тамыз 2013, 12:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.