Атырау, 8 желтоқсан 03:45
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Құлсарыда 8 жасар қызды өлтірді деген күдікті ұсталды

772 рет қаралды
Видеодан стоп-кадр

Құлсары қаласының 36 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оны қамауға алуға санкция берді.

Еске салайық, 6 маусымға қараған түні Құрсай арнасындағы қамыс арасынан 8 жасар қыздың денесі табылған болатын. Баланың өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

hatsApp мессенджерінде және әлеуметтік желілерде осы қылмысқа қатысы бар деген 35 жастағы ер адамның  суреті мен сыртқы келбеті сипатталған бағдар таралуда. Соның ішінде, қолданушылардың пікірінше, күдіктіге ұқсайтын ер адам ақсаңдай басып,  қызды қамысқа қарай жетелеп бара жатқан видео пайда болды.

Полицейлер бағдарла көрсетілген ер адамның ұсталғанын растады, бірақ тергеу мүддесі үшін әзірге егжей-тегжейі айтылмайды.

Ведомство мұндай қылмыстар үшін ең ауыр жаза қарастырылғанын, тергеу барысын полиция департаментінің бастығы ерекше бақылауда ұстап отырғанын атап өтті.

Айнұр САПАРОВА

6 маусым, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.