25 тамызға қараған түні Атырау-Орал тас жолының Атыраудан 25 шақырым жерінде «Опель» автокөлігі аударылып қалды.
Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА хабарлағандай, Оралға қарай қозғалып бара жатқан көлік жол үстінде сиырмен соғысып, аударылып қалған. Көліктің 34 жасар жүргізушісі мен 28 жасар жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші сол жерде көз жұмды.
Бұл күні екі сағат бұрын Доссор – Құлсары тас жолында ВАЗ-21073 автокөлігі түйеге соқтығысып қалған. 28 жасар жүргізуші мен 57 жасар жолаушы Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді.
Тамара СУХОМЛИНОВА