Атырау, 5 желтоқсан 07:55
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Құлсарыдағы жанармай бекетіндегі жарылыс: зардап шеккендердің өміріне қауіп жоқ

937 рет қаралды
Жылыой аудандық орталық ауруханасы, 2ГИС

Құлсарыдағы “Ниет” жанар-жағар май құю бекетіндегі өрттен зардап шеккен 14 адам шұғыл түрде Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың өміріне қауіп жоқ, деп хабарлайды Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Бастапқы медициналық тексеру мен тиісті диагностикадан соң 10 науқас ауруханаға жатқызылды. Төрт адам амбулаториялық бақылауда. Қазіргі жағдайда ауыр реанимациялық науқас жоқ.

Ауруханаға жатқызылған 7 науқастың жағдайы — орташа ауыр, 3 пациенттікі — тұрақты.

Зардап шеккендер тиісті медициналық көмекті толықтай қамтылды.

Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша Жылыой аудандық орталық ауруханасына Атыраудан мамандар мен медицина қызметкерлері қосымша көмекке жіберілді, олардың қатарында күйік орталығының дәрігерлері де бар.

30 мамыр, 22:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.