Атырау, 5 желтоқсан 07:26
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Жанармай бекетіндегі жарылыс: Атыраудан Құлсарыға медициналық көмек жіберілді

1 025 рет қаралды
Оқиға орны, облыс әкімі баспасөз қызметі ұсынған сурет

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы “Ниет” жанар-жағар май құю бекетіндегі өрт пен жарылысқа қатысты жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді, деп хабарлайды өңір әкімі баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер түрлі деңгейдегі күйік жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Аймақ басшысының тапсырмасымен Атырау қаласынан күйік орталығының мамандары медициналық көмек көрсетуге қосымша күш ретінде жіберілді.

Облыс әкімі төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке оқиға орнындағы іс-шараларды толықтай үйлестіруді, өртті оқшаулау және салдарын мейлінше азайтуды, сондай-ақ өрт аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды.

30 мамыр, 22:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.