Атырау, 26 қараша 04:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Аулақ жүр, «Fonterra»!

1 714 просмотра

Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті «Идеал», «Лидер» супермаркет желілеріне, «ААА-плюс» ЖШС, «ААА-плюс» ЖШС және «АнуарКонсьюмерс» ЖШС көтерме қоймаларына жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізді.

Олар ботулизм токсині табылған сәбилердің сүт қоспаларын, спорттық ақуыз қосымшалары мен өзге де сусындар шығаратын «Fonterra» (Жаңа Зеландия) тағамдық өнімдерін іздеді.

Cанитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті жетекшісі Өмірзақ ЗИНУЛИННІҢайтуынша, қауіпті өнім табылған жоқ. Дегенмен, санитарлық дәрігерлер аса мұқият болуға кеңес береді. ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері аталған өнімді біздің еліміздің аумағына кіруіне және айналымға шығуына тыйым салу шараларын алды.

Анастасия ПАСТУХОВА

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ                                                                        Ботулотоксин – ғылымға белгілі ең қауіпті улардың бірі. Ботулотоксиндер тек оттегі жоқ жерде көбейеді, сондықтан қалбырланған өнімдер аса қауіпті болып саналады. Ботулотоксин адам ағзасына түссе, ботулизм деп аталатын өте ауыр ауруды тудырады. Уланудың белгілері – жұтыну мен сөйлеу қабілетінің бұзылуы, маска тәріздес бет-әлпет. Көпшілік жағдайда тыныс алу жолдарының асфиксиясы мен жүрек бұлшық еті мен тыныс алу бұлшық етінің сал ауруынан аурудың соңы өлімге әкеледі.

27 тамыз 2013, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.