Атырау, 23 қараша 17:09
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ пен Ресей өкілдерінің Сирия мәселесіне қатысты отырысы кейінге шегерілді

2 596 просмотра

АҚШ пен Ресей өкілдерінің 28 тамызда Гаагада өтетін «Женева-2» конференциясы кейінге қалдырылды. Бұл туралы Америка мемлекеттік департаментінің ресейлік ақпарат агенттігі ИТАР-ТАСС өкілдігіне жіберген хабарламасында көрсетілген.

«Сириядағы химиялық қару қолданылуына қарсы жауап беру бойынша кеңес жүргізіліп жатқандығын ескере келе, біз осы аптада Гаагада жоспарланған ресей делегациясы мүшелерімен мемлекеттік хатшының орынбасары Шерман мен елші Роберта Фордтың кездесуін кейінге қалдырдық. Ресейлік әріптестерімізбен кездесудің жаңа уақытын белгілеу үшін жұмыс істеудеміз»,-деп көрсетілген хабарламада.

«Біз Ресеймен және басқа да халықаралық серіктестермен Женева коммюникесіндегі келісімде көрсетілгенге негізделген саяси ауысымды қамтамасыз етуге дайынбыз», - деп жазылған хабарламада.

Бір қызығы АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Мари Харф тілшілерге Ресей мен АҚШ өкілдерінің кездесуі 28 тамызда өтеді деп мәлімдеген.

Оның айтуына қарағанда Обама әкімшілігі Сирия тағдырына қатысты «Женева-2» конференциясын өткізу туралы ойынан бас тартпайтын көрінеді. Ресми өкіл АҚШ-тың осы бағытта жұмыс істеп жатқанын атап өткен.

Ақ үйдегілер ел президенті Сириядағы химиялық қару қолдануға қатысты Американың ресми ұстанымын анықтамағанын айтуда. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джей Карнидің айтуына қарағанда, әкімшілік соңғы тоқтамын жарияламаса да, сириялық үкіметтің химиялық қару қолданғанына күмәнданбайтынын жеткізген.

Дереккөз: bnews.kz

27 тамыз 2013, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.