Грузия, Оңтүстік Осетия және Абхазияның каратсы. Көрнекі сурет Грузияның сепаратистік аймақтары Оңтүстік Осетия мен Абхазия Ресейдің өздерінің тәуелсіздіктерін танығанына бес жыл толғанын атап өтті.
Абхазия астанасы Сухумиде дүйсенбіде тұрғындар 1992-1993 жылдардағы абхаз-грузин соғысында мерт болғандарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ресейлік әншілердің концерті өтті.
Кремльдің баспасөз қызметі дүйсенбіде "Ресей президенті Владимир Путиннің Оңтүстік Осетия мен Абхазия басшыларына хат жолдағанын" хабарлады. Онда "Мәскеудің аталған екі аймаққа көмек пен қолдау көрсете беретіні" айтылған.
Ресей Оңтүстік Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін 2008 жылы тамызда, Ресей әскері бұл аймақтардан грузин әскерін бес күндік соғыста ығыстырып шығарған соң таныған. Содан бері Ресей бұл аймақтарда әскер ұстайды.
Грузия бірақ Оңтүстік Осетия мен Абхазияны өз территориясы деп санайды.

Дереккөз: azattyq.org
27 тамыз 2013, 10:44