
Атырау маңындағы ауылдан шыққан жас дзюдошы, 14 жастағы Иса Бекболат Қазнет жұлдызына айналған еді.
Бұған дейін біз Атыраулық жас дзюдошы Бекболат Исаның TikTok-та жылдам таралып, ұсыныстарға шыққан видеосы туралы жазған едік. Алмалы орта мектебінің оқушысы әрі жас спортшыны танымал еткен – оның жаттығудан кейін «Балқадиша» әнін орындаған видеосы еді. Бапкерімен жасалған бәстің нәтижесінде «жаза» ретінде орындаған әннің видеосы санаулы күн ішінде миллионнан астам қаралым жинады.
Ол жаттығудан кейін "Балқадиша" әнін орындаған видеосы арқылы танымал болды. Бұл бастапқыда жаттықтырушымен жасалған бәс тігу нәтижесінде орындалған "жаза" еді, бірақ видео TikTok-та миллиондаған қаралым жинап, кеңінен таралды.
Бұл оқиға одан әрі жалғасын тауып, Иса Алматыда өткен Димаш Құдайбергеннің фан-кездесуінде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Ол сол жерде тағы да "Балқадиша" әнін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Қазақстан дзюдо федерациясы оның концертке қатысқанын растады, ал интернет қолданушылары жас спортшының ерекше талантын жоғары бағалады.
В Атырау +4