Атырау, 27 қараша 09:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Сирияда БҰҰ сарапшылары түскен қонақүйге шабуыл жасалды

2 268 просмотра
БҰҰ сарапшылары химиялық қарудан зардап шекті дегендер түскен ауруханада тексеру жүргізіп жүр. Дамаск, 26 тамыз 2013 жыл БҰҰ сарапшылары химиялық қарудан зардап шекті дегендер түскен ауруханада тексеру жүргізіп жүр. Дамаск, 26 тамыз 2013 жыл Дамаскіде Сирияға химиялық шабуылдың болған-болмағанын тексеруге барған БҰҰ сарапшылары орналасқан қонақүйді белгісіз адамдар минометпен атқылады.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, 26 тамызда қала маңындағы Four Seasons қонақүйі қасында екі снаряд жарылған. Сирия мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, жарылыстан үш адам жараланған. Мемлекеттік телеарна "жарылысты көтерілісшілер жасады" деген хабар таратты.

Бұған дейін Германия сыртқы істер министрі Гидо Вестервелле "егер Сирияда президент Башар Асад режимінің химиялық қару қолданғаны рас болса, ол адамзатқа қарсы қылмыс болып саналатындықтан, халықаралық қауымдастық дереу шара қолданады" деп мәлімдеген еді.  

Ал Ұлыбритания сыртқы істер министрі Уильям Хейг "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қандай шешім қабылдайтынына қарамастан, тиісті шаралар қолданылуы мүмкін екенін" ескертті.

Түркия "БҰҰ шешімінсіз де Башар Асад режиміне қарсы халықаралық коалиция құрамына кіруге дайын екенін" білдірді.

Башар Асад үкіметі "үкімет химиялық қару қолданды" деген айыптың саяси астары бар" деп санайды. 26 тамызда ресейлік "Известия" газетінде жарияланған сұхбатында Башар Асад "АҚШ Сирияның ішкі ісіне араласқан жағдайда сәтсіздікке ұшырайды" деп мәлімдеді.
 
Дереккөз: azattyq.org
27 тамыз 2013, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.