ырғыз елінің Премьер-Министрі Жанторо Сатыбалдиев барлық жауапты органдарға бубондық обаның ошағын жою туралы тапсырма берді.
Тек індеттің ошағы ғана емес, жақын маңда орналасқан елдімекендерде дезинфекция жүргізіп, жедел түрде екпе жұмыстарын ұйымдастыруды міндеттеді. Тіпті Ыстықкөлдегі Қашка Суу шатқалына барар жолдағы қозғалысқа да шектеу қойылды. Алайда елдің Денсаулық сақтау министрлігі бубондық обаға байланысты, ешқандай ауданда карантин жарияланбағанын айтып отыр. Тек эпидемологиялық жұмыстарға туристер кедергі келтірмеу үшін шатқалдың жоғары және төменгі аумағына арнайы бекеттер қойылды. Демалушылар арасында ақпараттық-түсіндіру шаралары жүргізілуде. Айта кетейік, 22 тамызда Ыстықкөлде қатерлі індеттен жасөспірім көз жұмған болатын.
Марат КАЛИЕВ, Қырғызстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:
- Эпидемия жоқ. Табиғи ошақтан тұтанған жалғыз дерек қана тіркелді. Табиғи ошақта ішкі табиғи «эпизотика» деген болады. Жануарлардан бір-біріне жұғады. Біз осыған байланысты мониторинг жүргізіп отырмыз. Келеңсіз жағдай баланың өліміне алып келді. Бұл жаппай таралу емес, алдын алу шаралары жүріп жатыр.
Дереккөз: 24.kz