Атырау, 5 қазан 01:23
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Guardian Сноуден ұсынған құжаттарды жарияламайды

1 368 просмотра

Ағылшын газеті Guardian-нің бас редакторы Алан Расбриджер ОББның бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден редакцияға ұсынған құпия құжаттардың барлығын жарияламайтындығын мәлімдеді, деп хабарлайды ресейлік Утро.ru сайты.

«Біз барлық құжаттарды жарияламаймыз», - деп отыр Расбриджер. Алайда Guardian газеті бірқатар құжаттарды көпшілік назарына ұсынбақ.

Бір апта бұрын Расбриджер билік редакцияға қысым жасап, америкалық ОББ-ның бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден тілшілерге берген материалдарды жоюға не тартып алуға әрекеттенді деп жариялаған болатын..

Басылымның бас редакторына «өте ықпалды үкімет мүшелері премьер-министр атынан қоңырау шалып» оған ықпал етпек болған. Бұдан соң оны үкімет өкілдерімен кездесуге шақырып, онда Сноуден берген құпия құжаттардың көзін жоюды немесе қайтарып беруді талап еткен. Шененунік құжаттар жойылмаса сотқа тартамын деп қорқытқан.

Тіпті Үкіметтік байланыс орталығының қызметкерлері редакцияға келіп (GCHQ), басылымға тиесілі компьютерлердің жадындағы құжаттарды жойып жіерген. Агенттер құпия құжаттар «қытай агенттерінің» қолына түсіп кетпеуі үшін осындай әрекеттер жасадық деп ақталған.

«Бұл оқиға Guardian тарихындағы ең шытырман кезең болып оты», - дейді Расбриджер.

Сноуденнен құпия құжаттарды алған Guardian тілшісі  Гленн Гринвальд жақында Британия құпия қызметінің азаматтар ізіне түскен заңсыз әрекетін белсендірек жария етемін, деп мәлімдеген болатын. Осыған жауап ретінде арнаулы қызмет оны және досы басылымның Бразилиядағы тілшісі Дэвида Миранд екеуін «Хитроу» әуежайында ұстап, 9 сағат жауап алған. Бразилиялық досының айтуына қарағанда, оларға 7 агент Гринвальд, Сноуден және осы оқиға жөнінде кино түсірмек болған америкалық режиссер Лаура Потрайса туралы сұрақтың астына алған. Агенттер 2000 жылы қабылданған лаңкестікке қарсы заң бойынша шекарадан өткен шетел азаматын сұрауға алуға болатын нормаға сай әрекет еттік, деп ақталған.

Дереккөз: bnews.kz

27 тамыз 2013, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.