Атырау, 23 қараша 17:54
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Колумбиялық екі азамат Мадуроға қастандық ісі бойынша ұсталды

1 816 просмотра
АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Венесуэланың құқық қорғау органдары ел президенті Николас Мадуроға қастандық жасауға дайындалды деген күдікпен колумбиялық екі азаматты ұстады. Бұл туралы Венесуэланың Ішкі істер министрі Мигель Родригес Торрес хабарлады, деп жазады ВВС.

Шенеуніктің сөзінше, тұтқындалған екі колумбиялық 10 адамнан тұратын топтың құрамына кірген көрінеді. Олар Мадуро мен Венесуэла ұлттық ассамблеясының басшысы Дьосдадо Кабельоны өлтіруді жоспарлаған.

Күдіктілер Каракастың оңтүстік-батыс жағында 30 шақырым жерде орналасқан қонақүйде 15 тамызда ұсталды.

Олардан оптикалық екі мылтық, Мадуро мен Кабельоның фотосуреттері, сондай-ақ Венесуэла әскери киімі тәркіленді.

Дереккөз: inform.kz

27 тамыз 2013, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.