Сұхбатта Б.Асад «Сирия армиясының химиялық қаруды қолданды деген Батыс елдерінің айыптары ақылға сыймайды» деп атап өтті. Сирия басшысы жаппай қырып жою қаруы қолданылғаны жөніндегі айыптарды жоққа шығарды.
«Батыс елдерінің және басқа да кейбір елдер басшыларының жасаған мәлімделері ақылға сыймайды, олар өз халқының пікірін есепке алмай отыр», - деді Сирия президенті.
Дағдарыс басталғаннан бері АҚШ, Франция және Ұлыбритания әскери қимыл жасағысы келді, алайда іс басқа жаққа қарай ауды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде олар Ресей мен Қытайды өз ұстанымдарын өзгертуге үгіттеп көрді, одан да түк шықпады.
Әскери басып кіруге кедергі болып отырған тағы бір мәселе - барлығы да Сирияда болып жатқан жағдай халықтық революция немесе реформаларды талап ету емес, бұл терроризм екенін жақсы түсінеді. Осы жағдайда Батыс елдерінің көшбасшылары өз халқына «Біз Сириядағы лаңкестікті қолдауға бара жатырмыз» деп айта алмайды», - деді Б.Асад.
Дереккөз: inform.kz