Атырау, 7 қараша 03:15
 ашықВ Атырау -2
$ 492.14
€ 528.85
₽ 5.01

«АМӨЗ тоқтап тұр. Күкірттің иісі қайдан шығады?»

2 305 просмотра

АМӨЗ-дің сыртқы байланыстар және ақпарат қызметі хабарлағандай, 12 және 15 тамыз аралығында Химпоселкеде  және зауыттың солтүстік шығысында орналасқан атмосфералық ауа жағдайына автоматты бақылау жасау станциялары күкірт сутегінің рұқсат етілген шемадан  тыс шоғырлануын анықтады.

Сонымен қатар, баспасөз хабарламасында 2 тамыз күні зауыттың барлық технологиялық қондырғылары - ЭЛОУ-АВТ-3 мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысы, құрамалы бензин мен дизельді отынды гидротазалау қондырғысы, каталитикалық риформинг қондырғысы, сутегі өндіру қондырғысы, күкірт өндіру қондырғысы бір мезгілде тоқтатылғаны және оларды күрделі жөндеу осы күнге дейін жүргізіліп жатқаны жазылған.

«Бұл факті жөнінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ. Дүйсембаевқа хат жазылды, онда қоршаған ортаға зиянды әсер ететін лақтырындылардың шынайы көзін анықтау үшін сәйкесінше қызметтерге тапсырма беру сұралды», - делінген хабарламада. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 тамыз 2013, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.