Атырау, 23 маусым 07:38
 бұлттыВ Атырау +27
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

Атыраудан​ «Көшпенділер қазынасы»: жергілікті суретшінің туындысы президент орталығының жәдігеріне айналады

Сурет
405 рет қаралды
Юлия Проскура Президент орталығына арналған туындысының жанында

16-31 мамыр аралығында  Алматыда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде атыраулық суретші Юлия ПРОСКУРАНЫҢ жеке көрмесі өтуде. «Көшпенділер қазынасы» деп аталатын экспозиция меймандардың үлкен қызығушылығын тудырды, тек Музей күні ғана оны 20 мыңға жуық адам тамашалаған.

Юлияның картиналары алтынның түрлі реңктерін қолдану арқылы жасалған бірегей барельеф техникасында орындалған. Әрбір жұмыс – көшпенді халықтардың тарихынан, мәдениетінен және рухынан шабыт алған бейне. Көрме аяқталғаннан кейін олардың бірі президент орталығының коллекциясына қосылып, мемлекеттік құндылықтар қатарында сақталатын болады.

— Мен картинаны президентке сыйға тарту ұсынысымен хат жаздым, — деп бөлісті суретші. — Осыдан кейін Мәдениет министрлігінің өкілдері менімен байланысып, туындыны Президент орталығына сый ретінде қабылдауға келісті.

Суретші бұған дейін де өз картиналарын танымал қазақстандық мәдениет қайраткерлеріне, атап айтқанда Роза Рымбаеваға, Динара Сәтжанға және Баян Алагөзоваға сыйға тартқан. Енді Юлия өз туындыларының бірін Димаш Құдайбергенге тарту етуді армандайды.

— Мен үшін ең бастысы – картиналарымның шабыт беріп, үлкен мағыналы дүниенің бір бөлігіне айналғаны маңызды, — дейді ол.


Атырау өнері елдің басты музейіне жол тартты, ол жақында Қазақстанның мәдени символдарын сақтайтын коллекцияға қосылмақ.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Юлия Проскура ұсынған суреттер

20 мамыр, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.