Атырау, 21 маусым 10:02
 ашықВ Атырау +26
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

Алматыда «Sim-box» қолдану арқылы жасалған алаяқтық ісі бойынша үкім шығарылды

256 рет қаралды
Фото: freepik.com

Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен, жәбірленуші «қауіпсіз шот» туралы қияли аңызға сеніп, қаскүнемдерге 19 миллион теңгеден астам қаржысын берген интернет-алаяқтық схемасы ашылып, жолы кесілді.
 
Тергеу нәтижесінде қылмыстық топ нөмірлерді ауыстыруға және шығыс қоңырауларын жасырын етуге мүмкіндік беретін «Sim-box» құрылғысын қолдана отырып әрекет еткені анықталды.
 
Жалға алынған пәтерлердің бірінен ұялы операторлардың 1500-ден астам SIM-картасы, ұялы телефондар, ноутбук, роутер және құқыққа қайшы әрекеттер жасау үшін қолданылған құрылғының өзі тәркіленді.
 
Іс бойынша екі күдікті ұсталды. Олардың біреуі «дроппер» - ақша қаражатын алушы рөлін атқарған, екіншісі алаяқтық схеманы техникалық сүйемелдеуге жауап берген.
 
Тергеп-тексеру барысында ұрланған 7,8 миллион теңге сомасындағы қаражатқа тыйым салынды.
 
Сот екеуін де қазіргі заманғы цифрлық технологияларды пайдалана отырып, ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Олар жазасын қауіпсіздігі орташа ҚАЖ мекемелерінде өтей отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

20 мамыр, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.