Атырау, 8 желтоқсан 16:52
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырау облысында 130 мыңнан астам бала жазғы демалыспен қамтылады

410 рет қаралды

Биыл жазда Атырау облысы бойынша 134 812 баланы жазғы демалыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Оның ішінде білім беру ұйымдары жанынан ашылатын 727 лагерь арқылы 120 мыңға жуық бала қамтылады. Одан бөлек 3 сауықтыру лагері жұмыс істемек: 

  • РФ Железноводск қаласындағы «Қазақстан Геологі» емдеу пансионатында арнайы санаттағы отбасылардан шыққан 1530 балаға демалыс ұйымдастырылады, 
  • Индер және Махамбет аудандарында қамтылатын оқушылардың жалпы саны 1500-ге жуықтайды.

Әлеуметтік осал топтағы балалар — ерекше назарда. Жетім, ата-ана қамқорлығысыз қалған, арнайы санаттағы отбасылардан шыққан, құқық қорғау органдарының есебінде тұрған және қолайсыз отбасылардан шыққан балалар жазғы демалыспен толықтай қамтылмақ. 

Сонымен қатар жаз мезгілінде облыстағы барлық музей арнайы санаттағы балалар үшін тегін қызмет көрсетеді. 

Республикалық бюджет есебінен 4 лагерьге 608 бала және 100-ден астам балаға жергілікті бюджет тарапынан еліміздің сакральды, тарихи, көрікті жерлеріне экскурсияны ұйымдастыру жоспарланып отыр. 

Атырау облысы Білім беру басқармасының өкілі Қадыржан Сапаровтың айтуынша, биылғы маусымға бірнеше жаңа жобаны жүзеге асырау жоспарланған. Олардың қатарында:

  • жұмысшы мамандықтарға арналған «TECH CAMP», 
  • жасанды интеллекті үйретуге бағытталған «IT camp Polytech», 
  • табиғатты қорғау мақсатындағы «ЭКОПАТРУЛЬ», 
  • туған өлкенің туризмін насихаттайтын «ГИД 167+» секілді лагерьлер бар. 

Қазіргі кезде санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу мақсатында барлық маусымдық лагерьде абаттандыру және ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

20 мамыр, 09:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.