Атырау, 8 желтоқсан 16:52
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырау - Индер бағытындағы жол уақытша жабылады

591 рет қаралды

Атырауда Индер ауданы бағытындағы жолда қайта жаңғырту жұмыстары басталады. 

2025 жылғы 20 мамырдан бастап қалада Атырау - Индер бағытындағы жолдың 0-10 учаскесінде қайта жаңғырту жұмыстары басталады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.   

Сағат 10:00-ден бастап жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаске уақытша жабылады. Жолдың жабылуына байланысты көлік қозғалысы бағыты мен қоғамдық көліктердің қозғалыс сызбасы өзгереді. Өзгерістер арнайы картада көрсетілген.

Қала басшылығы тұрғындар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздық туындауына байланысты түсіністік танытуды сұрайды және өзгерістерге сай қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.  

20 мамыр, 08:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.