
Атырауда азық-түлік сатумен айналысатын жеке кәсіпкер салық органдарымен дауға қалды. Кәсіпкер Webkassa және ОФД кассалық аппараттарын қатар қолданып, нәтижесінде бірдей сомалар екі рет тіркеліп, қате есеп жүргізілген.
Не болды?
Камералдық бақылау барысында Мемлекеттік кірістер басқармасы (МКБ) кәсіпкерді 4 млн теңгеден астам табысын жасырды деп күдіктенді. Бұл тұжырым екі кассалық аппараттың деректерін талдау негізінде жасалды. Алайда кәсіпкер бұл айыптаулармен келіспей, сотқа жүгінді.
Сот қандай шешім қабылдады?
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот кәсіпкердің пайдасына шешім шығарды. Тексеру барысында табыс жасыру фактісі болмағаны, тек бірдей төлемдердің екі касса арқылы қате жүргізілгені анықталды. Салық органдары өз кезегінде тиісті дәлелдер ұсынбаған және ККМ-мен (кассалық бақылау машинасы) жұмыс істеу ерекшеліктерін ескермеген.
Сот:
- МКБ сомалардың екі рет алынғанын растамағанын,
- Кәсіпкердің табысы дұрыс есептелмегенін,
- Кәсіпкерден қосымша құжаттар сұралмағанын көрсетті.
Нәтижесінде: сот МКБ-ның айыптауын жойып, кәсіпкердің талап-арызын қанағаттандырды. Шешім заңды күшіне еніп, орындалды.
В Атырау 0