Атырау, 21 наурыз 05:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Нетаньяху Газаны толық басып алу ниетін мәлімдеді

502 рет қаралды

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газаның бүкіл аумағын толық бақылауға алу жоспарын жариялады, деп хабарлайды АА.

Бұл мәлімдеме Израиль үкіметінің Газа секторына азық-түліктің шектеулі көлемін жеткізу туралы шешімінен кейін жасалды.

Нетаньяху видеоүндеуінде: "Біз Газа секторын толық бақылауға аламыз" деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, гуманитарлық көмекті өткізу туралы шешім аймақтағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қабылданған. Ол: "Біз қауіпті шекке жақындап келеміз, егер бақылауды жоғалтсақ, бәрі күйрейді" деп атап өтті.

Нетаньяху сондай-ақ: "Біз Газа секторында аштықтың болуына жол бермеуіміз керек – бұл әрі практикалық, әрі саяси тұрғыдан маңызды. Егер бұған жол берсек, бізді ешкім қолдамайды" деп мәлімдеді.

19 мамыр 2025, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.