
Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров әлеуметтік желіде Франция барлау қызметінің басшысы Николя Лернердің Румыниядағы консервативті саясаткерлердің арналарын шектеуді сұрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Коммерсантъ.
Дуровтың айтуынша, 2024 жылдың көктемінде Париждегі Hôtel de Crillon қонақүйінде Лернер оған Румыниядағы консервативті дауыстарды бұғаттау туралы өтініш білдірген, бірақ ол бұл ұсыныстан бас тартқан.
18 мамырда Дуров Telegram-арнасында "Батыс Еуропа үкіметтерінің бірі" мессенджерден Румыниядағы консервативті дауыстарды өшіруді сұрағанын жазды. Ол бұл жазбаға багет суретін қосып, Францияға меңзеген.
Францияның Сыртқы істер министрлігі бұл айыптауларды жалған ақпарат деп атады.
18 мамырда Румынияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтті. Онда ұлтшыл "Румындарды біріктіру альянсы" партиясының жетекшісі Джордже Симион және Бухарест мэрі, Еуропаны жақтаушы Никушор Дан сайысқа түскен еді
В Атырау +4