
"ГазАймақ" ЖШС Атырау тұрғындарын төмен қысымды желілерде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты газ беру уақытша тоқтатылатынын хабарлады.
19 мамыр 2025 жылы Құрсай ауылында Сары-Молда Досмұхамедұлы көшесінде деформацияланған 57 мм компенсатор ауыстырылады.
20 мамыр 2025 жылы Жұмыскер ауылында газ өшіру жоспарланған. Әбілқайыров, Мұханжанов, Мүталиев көшелерінде 76 мм диаметрлі деформацияланған компенсатор, ал Ақтау және Жастар көшелерінде 57 мм диаметрлі компенсатор ауыстырылады.
Жөндеу жұмыстары кезінде күндіз газ беру уақытша шектеледі. Мамандар тұрғындарды техникалық шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.
В Атырау 0