
Румынияда өткен сайлау нәтижесінде Никушор Дан президент атанды. Оның басты қарсыласы Джордже Симион жеңілгенін мойындады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыстардың 99,92%-ы өңделгеннен кейін Дан 53,70% жинаса, Симион 46,30% алған, деп хабарлайды Интерфакс.
Румынияда өткен президенттік сайлаудың екінші кезеңінде Бухарест қаласының мэрі, тәуелсіз кандидат Никушор Дан жеңіске жетті. Оның басты қарсыласы, "Румындарды біріктіру альянсы" партиясының жетекшісі Джордже Симион, жеңілгенін мойындады.
Симион ресми нәтижелер жарияланбай тұрып-ақ жеңілісін мойындап, әлеуметтік желіде "біз шайқаста жеңілдік, бірақ соғыста жеңілмейміз" деп жазды.
Никушор Данды жеңісімен Франция президенті Эммануэль Макрон, Польша президенті Дональд Туск және Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен құттықтады.
Президенттік сайлаудың бірінші кезеңі 4 мамырда өтті. Оның нәтижесінде: Джордже Симион – 40% дауыс Никушор Дан – 20% дауыс
Алайда, 2024 жылдың желтоқсанында Румынияның Конституциялық соты бірінші турдың нәтижелерін жойып, сайлауды қайта өткізуді талап етті.
Бұл шешім сайлау барысында заң бұзушылықтар анықталғандықтан қабылданды. Сот отырысы бес сағатқа созылып, сарапшылар оны бұрын-соңды болмаған жағдай деп бағалады.
В Атырау +4