
Бүгін, 19 мамыр – Түркияда Ататүркті еске алу, Жастар және спорт мерекесі (Atatürk'ü Anma, Gençlik ve Spor Bayramı) ретінде атап өтілуде.
1919 жылғы 19 мамырда Түркия Республикасы негізін қалаушы Мустафа Кемал Ататүрк Самсун қаласында жастар алдында сөз сөйлеп, ел аумағының бір бөлігін басып алған интервенцияға қарсы күреске мобилизация жариялады. Бұл үндеу Түркия Республикасының құрылуына негіз болған ұлт-азаттық соғысыың басталуына түрткі болды.
Кейіннен бұл күн Жастар күні деп жарияланды.
Бүгінгі таңда Түркияның барлық аймақтарында, сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерде осы маңызды күнге орай мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр.
В Атырау +4