Атырау, 6 маусым 05:05
 дождьВ Атырау +21.2
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

Атыраудағы «Мұнайшы» стадионында жас жанкүйер шоу ұйымдастырды

634 рет қаралды
Видеодан стоп-кадр

17 мамыр кешкісін «Атырау» – «Жетісу» матчында 17 жастағы жанкүйер түрлі-түсті түтін шашатын шашка қолданды. Оқиға стадионның 12-секторында орын алды.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасөспірімнің әрекеті үшін оның анасы жауапкершілікке тартылды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігі бойынша – ата-аналық міндеттерді тиісінше орындамау дерегімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Әйелге 19 660 теңге көлемінде айыппұл салынды

Айнұр САПАРОВА

19 мамыр 2025, 12:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.