Атырау, 23 қараша 16:18
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Британия флоты Сирияға шабуыл жасауға дайындала бастады

2 626 просмотра

21 тамыз күні химиялық шабуыл нәтижесінде құрбан болғандар. Фото: Stringer / Reuters21 тамыз күні химиялық шабуылдың нәтижесінде құрбан болғандар. Фото: Stringer / ReutersБританияның әскери-теңіз флоты АҚШ-пен бірлесіп Сирияда елде химиялық қару қолданылуына қарсы әскери  операция жүргізуге  дайындала бастады, деп хабарлайды ресейлік ақпарат агенттігінің сайты Lenta.ru.

«The Telegraph басылымына ақпарат беруші Ұлыбритания үкіметіндегі адамның айтуына қарағанда, билік жақын арада Сирияда әскери операция өткізетін АҚШ-қа қосылуды көздеп отырған көрінеді», - деп көрсетілген жазбада.

Британ премьер-министрі Дэвид Кэмерон мен америка үкіметі арасындағы келісім әлі жалғасуда. Алайда келісімге қол жеткен жағдайда әскери операция келесі аптада басталып кетуі мүмкін, деп отыр мәліметпен бөлісуші.

АҚШ-тың әскери теңіз флотының күштері Дамаскының шығысындағы кентте химиялық қару қолданылғаны жөніндегі хабар таралысымен Сирия маңына жақындай бастаған. 21 тамыздағы оқиға кезінде сириялық оппозицияның берген мәліметінде 1600 адам қайтыс болғаны көрсетілген. «Шекарасыз дәрігерлер» гуманитарлық ұйымы 355 адам химиялық қарудан қайтыс болды деп отыр.

Сирия оппозициясы химиялық шабуыл жасады деп елдегі билікті айыптап отыр, алайда ресми Дамаскы көтерілісшілердің арандатуы деп өзін ақтауда.  Мемлекеттік БАҚ-та оппозицияға тиесілі өтпелерден химиялық қару қоймалары табылғаны жөнінде жазуда.

Сирияда химиялық қару қолданылғаны жөнінде хабардан соң елге БҰҰ-ның арнайы комиссиясы келген. Ол химиялық қару қолданылуын анықтап, оған қай тарап жауапты екендігін жария етуі тиіс. Алайда үш күн ішінде БҰҰ-ның комиссиясына Сирия үкіметі оқиға орнына баруына рұқсат бермеген.

Ұлыбритании шабуылға елдегі үкімет кінәлі, деп айыптауда, Францияда Сирия үкіметін жауапкершілікке тарту керек деп ағылшындарды қолдап отыр. АҚШ президенті Барак Обама ешкімді біржақты айыптамай сараптама қортындысын күтуді ұсынды. Алайда Пентагонге Обама кез келген жағдайға дайын болуды, тіпті әскери шабуылға да әзір болуын тапсырды.

Дереккөз: bnews.kz

26 тамыз 2013, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.