Атырау, 8 желтоқсан 17:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапанов өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 3 жылға сотталды

452 рет қаралды
Суретте Ерлан Қожағапанов

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты экс-вице-министр Ерлан Қожағапанов пен "SUCCESS K" агенттігінің бас директоры Ләззат Көккөзоваға қатысты шешім шығарды. Бұлар 1 миллиард теңге көлеміндегі қаражатты заңсыз иемденді деген айыппен сотталды, деп хабарлайды Stan.kz.

Сот Қожағапановты өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айырды және оған осындай мерзімге басшылық қызметтерді атқаруға тыйым салды. Бұдан бөлек, ол мемлекеттік марапаттарынан айырылып, қамауда өткізген уақыты жаза мерзіміне қосылатын болды.

Ал Көккөзова бюджеттен бөлінген қаржыны жымқырғаны үшін 5 жылға түрмеге қамалды. Оған де 7 жыл бойы басқарушылық лауазымдарды иеленуге тыйым салынды. Оның қамауда болған уақыты да жалпы жаза мерзіміне есептеледі.

Естеріңізге сала кетсек, Қожағапанов өткен жылдың наурыз айында қамауға алынған. Онымен бірге "SUCCESS K" агенттігінің басшысы Ләззат Көккөзова да сотқа тартылды. Бұрынғы шенеунікке ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы (ауыр салдарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану), ал Көккөзоваға 189-бабы (сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу немесе жымқыру) бойынша айып тағылды.

19 мамыр, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.