Атырау, 23 қазан 02:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 484.19
€ 524.28
₽ 5.03

Майк Тайсон өлім аузында жатыр

1 900 просмотра

Аты аңызға айналған америкалық боксшы Майк Тайсон ішімдікке салынғандықтан өлім аузында жатыр. Бұл жайында спортшының өзі америкалық БАҚ-қа хабарлаған, деп ақпарат таратты ИТАР-ТАСС.

"Мен өз өмірімде көп жамандық жасадым, сондықтан өзімнің кешірілгенімді қалаймын. Өмірімді түзетіп, дұрыс жолға түскім келеді. Қазір ішімдікке салынғандықтан өлім аузында жатырмын. Ал өмірмен әлі қоштасқым келмейді. Бүгін алкоголь мен есірткі қабылдамағаныма алтыншы күн болды. Енді жаман жолға түспеймін», - деді Тайсон.

Майк Тайсон 50 мәрте жеңіске жетті (44 нокаут) және 6 жеңіліс. 1986 жылы ол әлемдегі ең жас әлем чемпионы атанды. Ол спортта көптеген атаққа ие болып, жеңіске жеткенімен, үш рет сотталып үлгерді (1992, 1998 және 2008 жж).

Дереккөз: bnews.kz

26 тамыз 2013, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.