
Атырауда Сырым Датов көшесі бойындағы бес қабатты көп пәтерлі үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтерде өрт болды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Оқиға орнына жедел өрт сөндіру жасағы келіп, құтқарушылар автосатының көмегімен судың үздіксіз берілуін қамтамасыз етті.
Өрт шағын алаңда жедел сөндірілді. 50 адам өздігінен көшеге шықты.
18 мамыр, 14:57