
Әлеуметтік желіде Еркінқала ауылында 43 жастағы ер адамның өгей қызын бірнеше жылдан бері зорлап келгені туралы ақпарат тарап жатыр.
Расталмаған мәліметтерге қарағанда, мұның бәрі 2018 жылы қыз бала 12 жаста болған кезде басталған. Ер адам сол кезде перзентханада жатқан анасының жоқтығын пайдаланған деген болжам бар. Қоқан-лоққы жасап, қорқытқан соң қыз бала ұзақ уақыт бойы ешкімге ештеңе айтпаған. Ол тек бес жылдан кейін болған жағдайды тәтесіне айтыпты.
Анасы полицияға арыз жазып, ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта жан-жақты және объективті тергеуге, сондай-ақ болған оқиғаның толық көрінісін анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.
Полиция сонымен қатар ішкі істер органдары процеске қатысушылардың барлығының құқықтары мен тергеудің объективтілігін қамтамасыз етіп, заң аясында қатаң әрекет етуді жалғастырып жатқанын баса айтты.
Айнұр САПАРОВА