Атырау, 23 қараша 15:29
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытайдағы «Трами» тайфунынан жарты миллион адам зардап шекті

1 585 просмотра

Биыл 12-ші рет Қытай жағалауына келіп жеткен «Трами» тайфуны елдің оңтүстік шығысында төрт тәулік бойы жалғасуда. Дауылдан 485 мың адам зардап шегіп, он мың адам қауіпсіз жерге көшірілген, деп хабарлайды ресейлік «РИА-новости» агенттігі.

Қатты дауылдан бір адам қаза тауып, екі мың гектар өнім егілген ауылшаруалығы жерін су басып кеткен. Хунань провинциясының орталығындағы 150 үй қираған. Бұл жергілікті полицияның мәліметі.

Көрші провинцияларда да ғимараттар мен инфрақұрылымдардың қирағаны жөнінде мәліметтер бар.

Хайнань провинциясында дауылдан 360 мың адам зардап шеккен. Ал, Гуанси-Чжуан автономиялық аймағында 125 мыңнан астам адам зардап шеккен. Алдын ала мәліметте, дауылдың ел экономикасына 1 миллиард юань шығын келтіргені (163 миллион доллар) көрсетілген. Бұл сан әлі де өсуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, өткен бейсенбі күні «Трами» дауылы қытайдың шығыс жағалауындағы Фуцзянь провинциясына келіп жетті. Дауылдатқан нөсердің салдарынан провинцияның 11 елдімекенінде 100 миллиметр жауын түскен. Пинтань кентінде бұл 338,2 миллиметрге жеткен. Циклон қазір ауылшаруашылығы жерлерін зақымдап, үйлерді қирата отырып оңтүстік пен батысқа жылжып келеді.

Дереккөз: bnews.kz

26 тамыз 2013, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.