Атырау, 29 наурыз 05:59
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедке» оралғысы келеді

1 362 просмотра
АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Мадридтің «Реалы» сапында доп теуіп жүрген Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» басшылығына хабарласып, өзін клубқа қайтару жөнінде сұраған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Португалдық жартылай қорғаушы ағылшын клубында өз спорттық мансабын аяқтауды көздеп отырған көрінеді. МЮ 2014 жылғы жазғы трансферлік ауысым кезінде Роналдуды қайтарып алуға әрекет жасауы ықтимал.

Бұған дейін хабарланғандай, Роналду «Реал» басшылығымен келісімшартты ұзарту жөнінде уағдаластыққа келген еді. Жаңа келісімшарт 2018 жылға дейін жарамды, футболшының жалақысы жылына 17 миллион еуро болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, Роналду «Манчестер Юнайтед» сапында 2003-2009 жылдары өнер көрсеткен. Осы уақыт ішінде ол үш мәрте Англия чемпионы атанып, екі рет ағылшын лигасы кубогын, бір мәрте Англия кубогын иеленді. Сонымен қатар 2008 жылы ол МЮ-мен бірге Чемпиондар Лигасында топ жарды. 2009 жылдың жазында Роналду рекордтық сома - 94 миллион еуроға «Реал Мадрид» командасына ауысқан болатын.

Дереккөз: inform.kz

26 тамыз 2013, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.