Атырау, 19 сәуір 05:18
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Пара беремін деп пәлеге ұрынды

2 060 просмотра

20 тамыз күні Жылыой аудандық салық басқармасының бас маманы Атырау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментіне (қаржы полициясы) әлдебір атыраулық кәсіпкердің оған 100 000 теңге көлемінде пара ұсынғаны туралы арызданды.

Келесі күні қаржы полицейлері басқарма ғимаратында кәсіпкекрдің ақша ұсынып жатқан жерінен ұстап  алды. Жылыой ауданы прокурорының аға көмекшісі Марат ЕРМЕКОВТЫҢ хабарлауынша, аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 312-бабы бойынша  (Пара беру) қылмыстық іс қозғалған.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 тамыз 2013, 18:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.