Атырау облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті ҚР ҚК-нің 176-бабы 3-тармағы бойынша (Өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) «Атырау жолдары» ЖШС директоры азамат К.-ге қатысты қылмыстық іс қозғады.
Ол 2009 жылы «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы (Астраханға) 468-487 км» республикалық мәндегі автокөлік жолы учаскесін күрделі жөндеуді жүргізу жұмыстарын орындау барысында құрылыс материалдары мен жұмыс көлемінің құнын асыра көрсетіп, нәтижесінде 23 млн теңге бюджет қаржысын ұрлады деп айыпталып отыр.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА