Атырау, 23 қараша 15:51
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Белгород мергені» өмір бойына абақтыға тоғытылды

1 711 просмотра

Алты адамның өліміне кінәлі Сергей Помазун өмір бойы абақтыға тоғытылды. 23-ші тамыз күні Белгород қалалық соты осындай үкім шығарды, деп хабарлайды РБК.

С.Помазун қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтейді. Сотталушы соңғы сөзінде Орынбор облысындағы «Черный дельфин» қатаң тәртіптегі колониясында 25 жылға бас бостандығынан айыруын сұраған. 

Судья үкімді жариялауды 22-ші тамызда бастады. С.Помазун РФ ҚК 105 бабы 2 бөлімі және 226 бабы, 4,1 бөлімі, 222 бабы 1 бөлімі мен 317 бабы бойынша айыпты деп танылды.

Естеріңізге саламыз, 22-ші сәуірде С.Помазун әкесінің аңшылық карабинін алып, BMW X5 көлігімен қару ұрлау мақсатында «Охота» дүкеніне келген. Ол жерде 2 сатушы мен дүкенге келген адамдарды «Вепрь-308» қаруымен атып, 2 «Тигр» карабинін алып кетеді.

Одан әрі далаға шыққан сол маңайдан өтіп бара жатқан адамдарға бей-берекет оқ атқан. Соның салдарынан 3 адам қаза болды.

23-ші сәуірде қолға түскен қылмыскер полиция қызметкеріне бірнеше рет пышақ сұғып алған. Жазықсыз адамдардың өмірін қиған қандықол қылмыскерді ұстау операциясына Ресей ІІМ басшысы Владимир Колокольцев жетекшілік етті.

Дереккөз: bnews.kz

23 тамыз 2013, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.