Атырау, 16 қазан 11:55
 ашықВ Атырау +17
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

Қашқындарды тез тапты

2 238 просмотра

19 тамыз күні Атырауда ҰҚК шекара қызметінің 2016 ә/б мерзімді әскери қызметтегі 3 сарбаз қашып кеткен. Қашқындар қазіргі уақытта казармаларына қайтарылды.

- 22.00-дегі жалпы гарнизондық сапқа тұруда мерзімді әскери қызметтегі 3 сарбаздың жоқтығы анықталды, - деп телефон арқылы комментарий бердіБатыс аймақтық әскери прокурорының міндетін атқарушы Руслан ӘЛМАХАНОВ. – Жедел іздестіру тобы құрылып, олар қашқындарды 20 тамыз күні 17 сағат шамасында «Насиха» базары маңындағы қараусыз қалған екі қабаттық ғимарат ішінен тапты. Бұл факт тергеу алды тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқан ҰҚК әскери полициясының 7-бөлімінде тіркелді.

- Олардың қашуына қандай жағдай себеп болды?

- Бөлімшені рұқсатсыз, өз еркімен қалдырып кету себептері анықталуда.

Қашқындардың екеуі – Алматы облысынан, ал біреуі Шығыс Қазақстаннан екен. Жігіттердің жастары – 19-20-да. Олар мамыр айында шақырылғандар, әскери борыштарын өтеуді Ақтаудағы оқу орталығынан бастаған, қашып кеткен жаңа жерлеріне күні кеше – 15 тамызда келген. Жігіттердің тез табылғаны өздері үшін жақсы болды. Әлмахановтың сөзі бойынша, қызмет орнын рұқсатсыз тастап кеткені бойынша қылмыстық іс қозғауға қарсы шешім шыққан, мұндай іс үшін ҚК бойынша жауапкершілікке тарту қызмет орнында 30 күн болмаған жағдайда ғана қозғалады.  

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

23 тамыз 2013, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.