Атырау, 26 қараша 05:18
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Калаш» еш жерде қалған жоқ па?

1 996 просмотра

1 қыркүйекте тұрғындардан заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу бойынша жыл сайынғы акция басталады.

ІІД ақпараты бойынша, тек оқ-дәрімен атылатын, травматикалық және газды қаруларды ғана емес, сонымен қатар жарылғыш заттар мен оқ-дәрілерді де тапсыруға болады. Тізімдегі соңғыларын полицейлер тасымалдауға кеңес бермейді, алдымен 102 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.

Өз еріктерімен қаруларын тапсырған тұрғындар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен құтылады және сыйақыға да ие болады. Бағалануы: автоматқа – 173 100 теңгеге дейін; винтовка мен карабинге – 86 550 теңгеге дейін; тапаншаға – 69 240 теңгеге дейін; тегіс оқпанды мылтыққа – 51 930 теңгеге дейін; газдық, травматикалық тапаншаға – 17 310 теңгеге дейін; гранаталар, жарылғыш миналар, артиллериялық снарядтар үшін – 12 117 теңгеге дейін; жарылғыш заттар – 10 386 теңгеге дейін; иір ойықты мылтықтың оқ-дәрісіне - әр данасына 72 теңгеге дейін төленеді.

Акция қыркүйектің соңына дейін жалғасады.

Анастасия ПАСТУХОВА

23 тамыз 2013, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.