
Әуе компаниясы Айжан Кеңесованың "Атырау – Шымкент" рейсінен түсірілуіне қатысты пікір білдірді. Еске сала кетсек, әйелдің айтуынша, жанжал отырғызу кезінде басталған: бортсеріктер оны тіркеуден өткеннен кейін ұшаққа кіргізуден бас тартқан.
Fly Arystan ресми жауабында Кеңесованың сөмкесі тұтқасы мен дөңгелектерін қоса алғанда, рұқсат етілген 56×23×36 см өлшемінен асып кеткенін мәлімдеді. Егер жолаушы 10 кг қол жүгін тасымалдау қызметін сатып алса да, өлшемнен асып кетсе, чемоданды жүк бөліміне тапсыруды талап етеді.
"Әуежайларда тіркеу және отырғызу орындарында орналасқан стандартты өлшем тексергіштер арқылы қол жүгін міндетті тексеру жүргізіледі. Жолаушыға багажды рәсімдеу ұсынылды, алайда ол эмоциясын көрсетті. Мұндай жағдайларда тасымалдаудан бас тарту туралы шешім қабылдануы мүмкін", – деп түсіндірді әуе компаниясы.
Сондай-ақ, Fly Arystan жолаушының "қара тізімге" енгізілгені туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.
Әуе компаниясы "осындай жағдайлардың алдын алу және сапарды барынша жайлы ету үшін" жолаушыларға жүк тасымалдау ережелерімен алдын ала танысуды ұсынды.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау -1