
Жылыой ауданының полиция бөлімі Морское кен орнындағы "Қожан" АҚ-ан тиесілі №56 ұңғымада болған апат бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Оқиға 2024 жылғы 25 желтоқсанда орын алды: жер бетіне мұнаймен араласқан сұйықтық төгіліп, топырақтың ластануына әкелді. Бұл оқиға туралы ақпарат қадағалау органдарына кешігіп жеткен.
Тексеру барысында рұқсат етілмеген ластаушы заттар шығарылып, топырақтың бүлінгені анықталды. Төтенше жағдай туралы уақытылы хабарлама бермегені үшін компания әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 393 мың теңге айыппұл салынды. Айыппұл қысқартылған тәртіппен өндірілді. Тексеру материалдары полицияға жолданды.
Рұқсат етілмеген шығарынды бойынша тағы бір әкімшілік хаттама жасалды, ол да Атырау облысының полиция департаментіне жолданды. ҚР Қылмыстық кодексінің 332-бабы («Жерді бүлдіру») бойынша қылмыстық іс 2025 жылғы 1 ақпанда ғана тіркелді. Тергеу басқармасы хабарлағандай, тергеу жалғасуда.
- Сотқа дейінгі тергеу аясында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде, олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Іс тергеу басқармасы басшылығының бақылауында. Сұралған ақпарат қолжетімділігі шектеулі санатқа жатады және жария етуге жатпайды (ҚР ҚПК 201-бабы), — деп жауап берді тергеу басқармасының бастығы М. Бектұрғанов біздің сауалымызға.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау -1