Атырау, 5 желтоқсан 07:09
 ашықВ Атырау +1
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау Жастар театры халықаралық фестивальде топ жарды

1 094 рет қаралды
КСРО халық әртісі Сабира Майқанова атындағы театр фестивалінде Атырау жастар театры бірінші орынды иеленді.

Қызылорда қаласында өткен КСРО халық әртісі Сәбира Майқанова атындағы «Сырдың Сәбирасы – І» халықаралық театр фестивалінде Атырау Жастар театры жүлделі І орынға ие болды. 

Театр өнерін дәріптеген бұл айтулы шара Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық-драма театрының 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Фестиваль аясында әлемдік және ұлттық театр өнерінің майталмандары бас қосып, шығармашылықтарымен бөлісті. 

Фестиваль қонақтарының қатарында КСРО және Қазақ ССР халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық әртісі, Театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов және басқа да танымал театр саңлақтары болды.

Атырау Жастар театры сахна төріне жазушы Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романының желісімен қойылған «Хансұлу» перформансын ұсынып, көрерменнің зор қошеметіне бөленді. Заманауи тәсілмен қойылған терең мазмұнды қойылым фестиваль сарапшылары тарапынан да жоғары бағаланды. 

Аталған өнер додасына Грузия, Румыния, Қырғызстан және Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген 11 театр қатысты. Қатысушы ұжымдардың басым бөлігі – 70–80 жылдық тарихы бар кәсіби театрлар. Кіл мықтылардың арасынан жас та болса, жігерлі Атырау Жастар театры халықаралық деңгейде өз мүмкіндігін көрсетті.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

2 мамыр, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.