Атырау, 11 желтоқсан 17:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Спорт жаңалықтары

2 425 просмотра

Нағыз марапаттар

16 тамыз күні Астанада дене тәрбиесі мен спорттың дамуына үлкен үлес қосқан қазақстандықтарды құрметтеу рәсімі өтті. Шара Спорт күніне орай ұйымдастырылды.

Өзгелердің қатарынан біздің жерлестеріміз Марат Мауменов пен Нұрсипат Ғалымов көзге түсті – олар «ҚР дене тәрбиесі мен спортты дамытудағы үлесі үшін» төсбелгісімен және жақында ғана ҚР бокс федерациясы бекіткен «Еркін күрес тарланы» белгісімен марапатталды.
Марат Мауменов - Жылыой ауданында еркін күрестің негізін салушы. 30 жылдан астам уақыт ол жергілікті балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушылық қызметте болды, соңғы жылдары осы спорт түрі бойынша кеңесші қызметін де атқарады.
Нұрсипат Ғалымов – еркін күрестен спорт ардагері, оның жаттықтырушылық өтілі 30 жылдан асады. Қазір ол халықаралық турнирлерде бағын сынайтын жергілікті мұнай компанияларының спортшыларын іріктеумен және жаттықтыруымен айналысады.
Тамара СУХОМЛИНОВА

 

Өрт сөндірушілер волейболдан жарысты

№1 Арнайы өрт бөлімі аумағында орналасқан «Алау» спорт кешенінде өрт сөндіру бөлімшелерінің арасында волейболдан облыстық турнир өтті.


Жарыс барысында өздерінің жақсы дайындықтарын Атырау қаласының №1, Махамбет ауданының №4,  Қызылқоға ауданының №10 және Құрманғазы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімшелері командалары көрсетті. Қорытындысында финалға №10 және №1 өрт сөндіру бөлімшелері шықты. Бәсекеге толы финалдық ойында құрманғазылықтардың мерейі үстем болды. 3-орынды Атырау қалалық №1 өрт сөндіру бөлімшесі жеңіп алды. Турнирдің ең мықты ойыншыларынан ТЖД-нің ведомствоаралық қызметінің облыстық сайыстарында өртке қарсы қызметтің намысын қорғайтын команда құрылды.
Анастасия ПАСТУХОВА

 

Бапкерлері үшін барын салды

Көрнекі сурет.Көрнекі сурет.№3 БЖСМ-нің спорт залында жасөспірімдер арасында баскетболдан блиц-турнир өтті.


Бірінші орынды сенімді өнер көрсеткен Саламат ТОРҒАЕВТЫҢ шәкірттері алды, екінші орын Амантай ТОРҒАЕВ өрендерінің еншісінде. Жасұлан ТӘЖІБАЕВ жаттықтыратын баскетболшылар қола медальді қанжығаға байлады. Жүлдеге қол жеткізе алмаса да, жеңіске деген жігерлері үшін Құлсары қаласындағы БЖСМ аталып өтті (бапкері Айгүл КАКИМОВА). Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубокпен, дипломдармен және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.
Тамара СУХОМЛИНОВА 

22 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.